Басты жаңалықтар
Туристердің таңдауы – Түркістан

Биылғы жылдың алғашқы бес айында шаһарға 250 мыңнан астам турист келген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 25,2 пайызға көп.
Қазір қалада қонақтарды қабылдайтын 72 орналастыру орны жұмыс істейді. Жалпы сыйымдылығы – 3 254 төсек-орын.
Туризмді дамыту жұмыстары мұнымен тоқтап тұрған жоқ. 2024–2027 жылдарға жоспарланған 11 инвестициялық жобаның 8-і іске қосылып үлгерген. Қалған үш жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Толық жүзеге асқанда 354 жаңа жұмыс орны ашылады.
Туристерге қолайлы жағдай жасау да назардан тыс қалған жоқ. Қалада 85 бағыттаушы тақтайша орнатылып, 4 смарт-киоск қызмет көрсетуде. Ал қоғамдық тамақтану орындарының 80 пайызында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәзірлер енгізілген.



