Басты жаңалықтар
Геннадий Головкин халықаралық спорттағы жаңа қызметке сайланды
Қазақстандық Геннадий Головкин халықаралық спорттағы қызметтерінің қатарына тағы бір лауазымды қосты. Ол Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Азия және Еуропа бойынша вице-президенті болып сайланды.

Сайлау Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен ISSA-ның XV Бас ассамблеясында өтті. Головкин 2026–2029 жылдарға арналған ұйымның Атқарушы комитетіне де енді.
ISSA құрамына Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ұлттық Олимпиада комитеттері кіреді. Қауымдастық 57 елді біріктіреді және төрт жыл сайын Ислам ынтымақтастығы ойындарын өткізеді.
Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін 2024 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді. Ал 2025 жылғы қарашада World Boxing ұйымының президенті болып сайланған. Осылайша оның халықаралық спорттағы басшылық қызметтерінің қатарына ISSA вице-президенттігі де қосылды.



