Арыста 103 көше жарықтандырылды

Арыс қаласында түнгі жарықтандыру жұмыстары қарқын алды. Соңғы бір жылда 33 көшеге жаңа жарықшам орнатылып, жарықтандырылған көшелер саны 103-ке жетті.

Арыс қаласында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасымен өткен жылдан бері 33 көшеге жаңа түнгі жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Нәтижесінде қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны 103-ке жетті. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, әсіресе кешкі уақытта жаяу жүргіншілер мен балалардың еркін қатынауына қолайлы жағдай жасап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта бюджет мүмкіндігі мен тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Мақсат – тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.



