МӘМС жүйесінде не өзгерді?

МӘМС жүйесінде орын алған өзгерістер және медициналық қызметке қатысты арыз-шағымды қабылдау тәртібіндегі өзгерістер жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалдың директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.
— Бақыт Торғайбайұлы, жыл басынан бері МӘМС жүйесінде орын алған өзгерістер жөнінде не айтасыз?
–Мемлекет басшысы әлеуметтік саланы, оныңішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудыбасым бағыт ретінде айқындады. Осыған сәйкес, бүгінгі таңда МӘМС жүйесін трансформациялаубойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Қор Қаржы министрлігінің қарамағына өткенненкейін қаржылық бақылау күшейтіліп, медициналыққызметтерді төлеу, жоспарлау және мониторинг жүйелері қайта қаралды. Сондай-ақ алаяқтықтыңалдын алу тетіктері енгізіліп, ақпараттық жүйелеринтеграциялануда.
Бүгінде МӘМС және ТМККК аясындамедициналық көмекті қаржыландыру тұрақтыжүзеге асырылып келеді, пациенттер үшінқызметтердің қолжетімсіздігіне қатысты тәуекелдержоқ. Медициналық ұйымдардың тұрақтылығынқамтамасыз ету үшін келісімшарт сомасының 20%-дан 30%-ға дейін аванс беріледі.
2026 жылы медициналық көмекті сатып алуға251 598,2 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде, ТМККК — 107 576,0 млн теңге, МӘМС — 144 022,2 млн теңге. Биыл халыққа 186 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның ішінде, мемлекеттік — 44 мекеме, 142 жеке меншік ұйым.
Бұл бәсекелестік ортаның нығаюын айғақтайды және өз кезегінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, қызметтер тек нақты көрсетілгенмедициналық көмек үшін төленеді. Қаражаттыңашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етумақсатында бақылау күшейтіліп, заңбұзушылықтаранықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Цифрландыру бағытында Qalqan бірегей платформасы енгізілуде. Бұл жүйе пациентке көрсетілген барлық медициналық қызметтердібіріктіріп, ашықтықты арттырады және «халықтықбақылау» механизмін қалыптастырады. Яғни, адам алған медициналық қызметті өз бетінше бағалауға мүмкіндік беріледі.
Жалпы, МӘМС жүйесі тек қаржыландыру құралыемес, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығымен сапасын арттыруға бағытталған кешендімодельге айналып келеді.
Бүгінде халық үшін медициналық қызметтердіңқолжетімділігі айтарлықтай артты. Облыстатұрғындардың 87%-дан астамы сақтандырылғанжәне КТ, МРТ сияқты қымбат қызметтерді тегінала алады. Медициналық ұйымдар саны өсіп, бәсекелестік күшейді.
Сонымен қатар, Damumed қосымшасы арқылыдәрігерге жазылу, талдау нәтижелерін көрумүмкіндігі пайда болып, бұл халыққа қолайлыжағдай жасады.
Биылдан бастап бірыңғай медициналық пакеткекөшу басталды. Бұл жүйені жеңілдетіп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруғабағытталған.
Қарапайым тілмен айтқанда, МӘМС жүйесі – бұл«табысты азаматтар әлсіз топтарға көмектесетін» әлеуметтік әділеттілік қағидатына негізделгенжүйе. Нәтижесінде әрбір азамат табысынақарамастан сапалы медициналық көмекке қолжеткізе алады.
– Медициналық сақтандыру жүйесінің халықты әлеуметтік қолдау аясы кеңейтілді. Осы жөніндетолығырақ айтып берсеңіз?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңЖолдауында денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртужәне халыққа медициналық көмектіңқолжетімділігін арттыру негізгі басымдықтардыңбірі ретінде айқындалды. Соның ішінде әлеуметтіктұрғыдан осал азаматтарды МӘМС жүйесіне тартумәселесіне ерекше назар аударылды.
Осы тапсырмаға сәйкес, 2026 жылдың қаңтарайынан бастап жаңа тетік енгізілді. Енді «D» және«E» санаттарына жататын әлеуметтік әл-ауқатытөмен, жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Бұл механизм бірнеше мемлекеттік органныңүйлесімді жұмысы арқылы іске асырылуда. Атапайтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі ай сайын аталған санаттағыазаматтардың тізімін Әлеуметтік медициналықсақтандыру қорына жолдайды. Соның негізіндеазаматтарға автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебе беріледі.
Нәтижесінде, бұл санаттағы тұрғындармедициналық көмекті толық көлемде, еш шектеусізала алады. Ал көрсетілген қызметтердіңшығындары жергілікті атқарушы органдартарапынан өтеледі.
Жыл басынан бері Түркістан облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы тарапынан медициналық көмекке жүгінген Д және Е санаттағы 796 адам үшін 4 700 395,92 теңге жарна ретінде төленді. Оның ішінде, Д санаты бойынша – 594 адам, Е санаты бойынша – 202 адам. Ал, ресми жұмыссыз тіркелген 30 390адамға 179 453 557,80 теңге төленген.
2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойыншаТүркістан облысында D санаты – 78 565 адам, E санаты – 16 529 адам МӘМС жүйесіндесақтандырылған. Жалпы саны — 95 094 адамды құрайды.
Жалпы, бұл санатқа (Д,Е санаты және ресми жұмыссыздар кіреді) табысы төмен, мемлекеттікәлеуметтік төлемдер алатын, тұрақты жұмысы жоқ, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар жатады.
– Мектеп бітірген түлектер МӘМС мәртебесіненайырылып қалуы мүмкін бе?
– Иә, мұндай жағдай болуы мүмкін. Егер мектептүлегі 18 жасқа толып, әрі қарай колледжге немесеуниверситетке түспесе, онда МӘМС жүйесіндегісақтандырылған мәртебесінен айырылады.
Себебі 18 жасқа дейінгі балалар мен күндізгібөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатынакіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал колледж немесе университет бітірген жастардиплом алғаннан кейін 3 ай ішінде жұмысқаорналаспаса, олар да сақтандырылған мәртебесінжоғалтуы мүмкін.
Бірақ мәртебені сақтаудың жолдары бар:
Сондай-ақ, студент оқып жүріп жұмыс істесе де, жеңілдік санаты сақталады.
Ал шетелде оқитын студенттер eGov.kz арқылытіркеліп, өз мәртебесін растай алады.
Қысқасы, оқымай да, жұмыс істемей де жүрсе – МӘМС мәртебесінен айырылу қаупі бар.
Егер, оқуға түспесе, жұмысқа тұрмаса, онда дербес төлеуші ретінде 4250 теңгеден алдыңғы 12 айға төлем жасап, МӘМС жүйесіне қатысады.
– Kaspi.kz арқылы МӘМС жарналарын төлеуқалай жеңілдетілді?
– Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы МӘМС жарналарын төлеу әлдеқайда оңай болды. Егербұрын әр айды бөлек-бөлек енгізіп, төлеу керек болса, қазір барлық қарызды бір төлеммен жабуғаболады.
Қосымша өзі автоматты түрде қай айларға төлемжасау керек екенін анықтап береді. Бұл қателіктердіазайтып, уақытты үнемдейді.
Сонымен қатар, жүйе сіздің кім екеніңізді (жекетұлға немесе жеке кәсіпкер) автоматты түрдеанықтап, төлем сомасын дұрыс есептейді. Яғни, енді МӘМС жарнасын төлеу – тез, ыңғайлы жәнетүсінікті.
Қызметті Kaspi.kz қосымшасынан табуға болады:
Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.
– Медициналық көмек сапасына қатыстышағым беру тәртібі қалай өзгерді?
– Енді медициналық қызмет сапасына байланыстышағымдарды 1414 нөмірі арқылы қабылдаутоқтатылды. Бұл өзгеріс азаматтардың жекедеректерін қорғау және дәрігерлік құпияны сақтауүшін енгізілді.
Қазір шағымды келесі жолдармен беруге болады:
Ал 1414 байланыс орталығы бұрынғыдай жұмысістейді, бірақ ол тек кеңес беру үшін қолданылады(МӘМС және тегін медициналық көмек бойыншасұрақтарға жауап береді).



