АқордаБасты жаңалықтар
Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтіп жатыр.
Кеңес құрамына 126 өкіл кірді (этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден тең үлесте – 42 адамнан). Мүшелердің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.
Кеңес құрамында Ермұрат Бапи, Еділ Жаңбыршин, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы, Шахмұрат Муталип сияқты қоғам және мемлекет қайраткерлері бар.
Жиын барысында Мемлекет басшысы ұсынған кандидат дауыс беру арқылы Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Жоғары конституциялық консультативтік органның алғашқы отырысы елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.



