Басты жаңалықтар

ЖОСПАРДАН АСЫП ТҮСТІ: ТҮРКІСТАНДА 8,2 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан қаласында биыл жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары артығымен орындалды. 9 айда 6 069 жұмыс орны ашылуы керек болса, нақты 8 219 жұмыс орны құрылды. Осылайша жоспар 135,4 пайызға орындалды.

Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында жұмыспен қамту картасының орындалуы және тұрғындарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Қалада тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша да жоспар орындалды. 9 айда 3 083 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделгенімен, нақты 3 407 азамат жұмысқа орналасқан.

«10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бағыты бойынша нәтиже бұдан да жоғары. Жоспарланған 1 159 орынның орнына 2 844 жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 245,4 пайызға жетті. Ал субсидияланатын жұмыс орындарына 1 756 адам қамтылды.

Ұлттық жобалар аясында жоспарланған 19 жобаның барлығы жүзеге асырылып, 136 жаңа жұмыс орны құрылды.

TURAN» арнайы экономикалық аймағында 13 инвестордың жобасы бойынша 2 441 жұмыс орны қарастырылған. Қазір 518 азамат жұмысқа орналасқан.

Қала әкімі инвестициялық жобаларды жеделдетіп, бос жұмыс орындарын Enbek.kz жүйесіне уақытылы енгізуді және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button