Басты жаңалықтар

Студенттердің қуанышы: Қазақстанда шәкіртақы тағы да өседі!

Қазақстанда студенттердің қалтасын қалыңдататын жақсы жаңалық бар. Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы бес жылда шәкіртақы мөлшерін тағы да екі есеге арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Министрлік бұған дейінгі бес жылдық бағдарламаның аяқталғанына қарамастан, индекстеуді тоқтатпақ емес. Енді 2026–2030 жылдар аралығында шәкіртақы жыл сайын 15-20 пайызға біртіндеп көтеріліп отырмақ.

Қазіргі шәкіртақы қанша және 5 жылдан кейін қанша болуы мүмкін?

• Бакалавриат: қазір 52 372 теңге болса, 2030 жылға қарай шамамен 105 000 теңгеге жетеді.

• Педагогикалық мамандықтар: қазір 84 000 теңге, алдағы уақытта 168 000 теңге шамасында болады.

Магистратура: қазір 117 098 теңге болса, болашақта 234 000 теңге шамасына көтеріледі.

Докторантура: қазіргі 262 500 теңгелік шәкіртақы екі есе өсіп, 500 мың теңгеден (525 000 теңге) асады деп жоспарланып отыр.

Әрине, бұл бір күнде бекітіліп қойған сома емес, министрліктің алдағы жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Дегенмен, студенттер үшін бұл білім алуға деген ынтаны арттырып, қаржылық жағдайды жақсартуға үлкен септігін тигізетіні анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button