Басты жаңалықтар

2 миллиардтық медорталық ашылды

Жетісай ауданындағы Асықата кентінде жеке инвестор қаржысына салынған «Aksu Samruk Medical Clinic» медициналық орталығы пайдалануға берілді.

Құны 2 млрд теңге болатын жаңа нысан тәулігіне 280 адамды қабылдай алады. Жоба аясында 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.


Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, денсаулық сақтау саласына бағытталған әрбір қаржы халықтың өмір сапасын жақсартуға қызмет ететінін айтты.


Жаңа медициналық мекемеде
40 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін стационар мен 10 орындық күндізгі емдеу бөлімі бар. Мұнда кардиолог, хирург, травматолог, балалар дәрігері, гинеколог, офтальмолог, эндокринолог және басқа да бейіндік мамандар қабылдау жүргізеді.


Орталық заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Күрделі оталарды жасауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ зертхана, балалар мен ересектерге арналған екпе бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты және жедел жәрдем көліктері қарастырылған.

Облыс әкімінің айтуынша, Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде 214 жаңа денсаулық сақтау нысаны ел игілігіне берілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button