Басты жаңалықтар

60 мың адамға жаңа мүмкіндік

Жұмыс іздеп жүргендерге жақсы жаңалық.

Биыл Түркістан облысында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, мыңдаған тұрғын тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.

Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Жыл басынан бері өңірде 59 979 жаңа жұмыс орны ашылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 74 516 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы бекіткен ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 284 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда оның 217-сі іске асып, нәтижесінде 1 967 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында облыста 10 211 жұмыс орны ашылған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру үшін 4 407 адам Enbek.kz платформасы арқылы онлайн оқудан өтіп, сертификат алды. Бұдан бөлек, 1 450 адамға жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы көлемі 2,5 млрд теңгеге жуық мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық – 1,9 пайыз, әйелдер арасындағы жұмыссыздық – 5 пайыз.

Әлеуметтік қолдау аясында 43 818 адамға жалпы 3,6 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Сонымен қатар 4 359 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 4 291 жас жастар практикасы арқылы жұмыспен қамтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button