Басты жаңалықтар

126,3% өсім: Түркістан көш бастады

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Түркістан облысы 126,3 пайыздық экономикалық өсім көрсетіп, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шықты.

Түркістан облысы елдегі ең қарқынды дамып жатқан өңір атанды. 2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша облыс әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінен Қазақстандағы барлық өңірдің алдына шықты.


Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық өсімі 126,3 пайызды құрап, республикадағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Жоғары нәтижеге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, инвестиция, көлік және байланыс салаларындағы тұрақты өсімнің арқасында қол жеткізілді.


Облыста Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңірлерді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Нәтижесінде Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республикадағы көшбасшы өңірге айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button