Басты жаңалықтар

Ордабасыда орақтың қызған шағы

46 мың тонна астық жиналды

Ордабасы ауданында биылғы астық орағы аяқталуға жақын. Диқандар бүгінге дейін 27,1 мың гектар алқаптың өнімін жинап, қамбаға 46 мың тонна астық құйды.

Биыл ауданда жалпы 30,7 мың гектарға масақты дақыл егілген. Қазіргі таңда егіс алқаптарының басым бөлігі орылып, жиын-терім жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

46 мың тонна өнім – диқандардың тынымсыз еңбегі мен егін шаруашылығындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазір шаруалар қалған егісті ысырапсыз жинап, астық орағын белгіленген мерзімде аяқтауға күш салып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button