Басты жаңалықтар

Джакартадағы аламан

Түркістандық боксшылар Азияны бағындырды

Индонезия астанасы Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері сенсация жасады.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» қос шәкірті айтулы додада топ жарып, ел абыройын асқақтатты. U23 жас санатында 75 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Аман Қонысбеков барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанса, 60 келі салмақта бақ сынаған Нұрасыл Төлебек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.

Өңір намысын абыроймен қорғаған жас чемпиондарымызды үлкен жеңісімен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button