АқордаБасты жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады.

Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.




Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.

Жергілікті медреселерде қазақтың Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұржан Наушабаев, Шортанбай Қанайұлы және басқа да көрнекті қайраткерлері білім нәрімен сусындаған. Олардың есімдері екі ел тарихына ортақ.

фото: Ақорда


