Балаларға басымдық: Еліміздегі 5 басты жоба

Бүгінде Қазақстанда 7 миллионға жуық бала тұрады. Олардың сапалы білім алып, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі үшін елімізде бірнеше ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
1. Жоғары білімге ерте бастан жинақ: «Келешек» жобасы
2025 жылдың наурыз айынан бастап іске қосылған бұл бағдарлама баланың болашақта жоғары білім алуын қаржыландыруға бағытталған. Мемлекет тарапынан берілетін бастапқы білім капиталы:
- 5 жасқа дейінгі балаларға: 60 АЕК (235,9 мың теңге);
- Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға: 120 АЕК (471,8 мың теңге).
- Жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы: барлық қатысушыларға – 5%, ал әлеуметтік осал топтарға – 7% көлемінде қосылып отырады. Бұл жинақты «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қаражатымен біріктіруге мүмкіндік бар.
2. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған барлық балалардың есепшотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы аударылуда. Бала басына шаққандағы жылдық аударымдар серпіні:
- 2024 жылы: 100,52 АҚШ доллары
- 2025 жылы: 129,38 АҚШ доллары
- 2026 жылы: 130,71 АҚШ доллары
Ағымдағы 2026 жылы бұл төлемді алушылардың жалпы саны еліміз бойынша 6 918 656баланы құрады.
3. Заманауи білім ордалары: «Келешек мектептері»
2023-2025 жылдар аралығында заманауи стандарттарға сай 217 жаңа мектеп бой көтерді. Бұл мектептердің басты ерекшеліктері:
- Жалпы ауданы кәдімгі мектептерден 15-20%-ға кең;
- Техникалық жабдықталу деңгейі 4 есе жоғары;
- Сыйымдылығы 300-ден 2500 орынға дейін жетеді;
- Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуды көздейді.
4. Дарынды оқушылар мен ұстаздарға қолдау
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарына арнайы мемлекеттік ақшалай сыйақылар бекітілген:
- Алтын медаль үшін – 1500 АЕК
- Күміс медаль үшін – 1000 АЕК
- Қола медаль үшін – 500 АЕК
Сондай-ақ, талантты шәкірт тәрбиелеген педагогтерге 26,5 базалық лауазымдық айлыққадейінгі көлемде сыйақы беріледі.
5. Қауіпсіздік пен психологиялық көмек
«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты басты орынға шықты. Балалардың құқығын бұзғандар үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп, елімізде балаларды қорғаудың біріңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде. Сонымен қатар, кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын Психологиялық қолдау орталықтары мен «111» жедел байланыс желісі үздіксіз қызмет атқарып тұр.



