Басты жаңалықтар

Грант иегерлері қашан анықталады?

Биыл жоғары білім аламын деген талапкерлер үшін ең жауапты кезең басталды.

Шілденің 13 мен 20 аралығында құжат қабылдау жүріп жатыр. Кезекке тұрып уақыт жоғалтпас үшін құжатты eGov.kz арқылы немесе ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына онлайн жолдауға болады.

Қандай құжаттар керек?

Жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, білім туралы құжат және 3×4 сурет. Егер жеңілдік беретін санатыңыз болса, оны растайтын құжатты міндетті түрде қосыңыз.

Ең төменгі шекті балдар:

75 балл – Педагогика мен Құқық;

70 балл – Денсаулық сақтау;

65 балл – Ұлттық университеттер;

50 балл – Басқа оқу орындары (Ұлттық ЖОО-лардың «Ауыл шаруашылығы» мамандығына да шекті балл – 50).

Маңызды ескерту: Университеттер өз бетінше бұдан жоғары шекті балл немесе қосымша емтихандар белгілей алады. Сондықтан таңдаған оқу орныңыздың сайтынан талаптарды алдын ала тексеріп алыңыз.

Биыл мемлекет 89 мың грант бөлді. Оның 75 мыңы бакалавриатқа тиесілі. Еңбек нарығының талабына сай, гранттардың басым бөлігі шамамен 60% инженерлік жәнһе техникалық мамандықтарға, ал 20%-педагогикалық бағытқа бағытталған.

Сондай-ақ ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған арнайы квоталар сақталады.

Шетелдік диплом – елден шықпай-ақ

Қазір Қазақстанда әлемнің 33 жетекші университетімен бірлескен бағдарламалар жұмыс істейді. Елден ұзамай-ақ беделді шетелдік ЖОО филиалдарында оқып, қос диплом алуға болады. Мұнда қабылдау ережелерін оқу орындары өздері бекітеді, бірақ ҰБТ нәтижесі міндетті түрде ескеріледі.

ҰБТ тапсырып, құжат тапсырған әрбір үміткердің тағдыры белгілі болатын күн де алыс емес. Мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері 10 тамызға дейін ресми түрде жарияланады. Белсенді болыңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button