Басты жаңалықтар

«Үлкен аға бақылап тұр»

Түркістандағы 8000 жаңа камера мен ЖИ кімдерді аңдиды?

Аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыстың интернет сапасы, жасанды интеллект жобалары және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Нәтижелер таңғалдырады. Мәселен, өңірдегі 801 елді мекеннің 769-ы мобильді интернетпен толық қамтылған.

Қалған 32 ауылды желіге қосу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр екен.

Бүгінде облыстың 196 аумағында заманауи 5G базалық станциялары іске қосылған. Байланысы әлсіз деп танылған 95 нүктенің 72-сінде бұл мәселе біржола шешілді, ал қалғандары жыл соңына дейін реттелмек.

Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 372 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып жатыр. Бұл шалғайдағы ағайынның да жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде қазірдің өзінде 1 834 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Алайда бұл тек бастамасы ғана. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында облыс аумағында тағы 8 000 камера мен 750 арнайы аппараттық-бағдарламалық кешенді орнату жұмыстары басталып кетті.

Түркістан облысы жаңа технологияларды енгізуде алдыңғы қатарда тұр. Қазіргі таңда өңірде мынадай заманауи жобалар жүзеге асырылуда:

  • ЖИ-көмекші: Әкімдік жұмысын жеделдету үшін жасанды интеллект көмекшісі енгізіліп жатыр.
  • Мектептерді онлайн бақылау: Білім ошақтарындағы интернеттің сапасы енді арнайы жүйе арқылы онлайн бақыланады.
  • Заңсыз құрылысқа тосқауыл: Геоақпараттық портал арқылы заңсыз бой көтерген ғимараттар автоматты түрде анықталады.
  • 109 қызметін цифрландыру: Тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайтын бірыңғай байланыс орталығының жұмысы толықтай цифрлық форматқа көшеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button