Басты жаңалықтар

Зейнетақы тізгіні өзіңізде

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын кім басқаратынын өздері таңдай алады. Президент қол қойған заңнан кейін Әлеуметтік кодекске жаңа норма енгізілді.

Енді салымшылар қаражатын бұрынғыдай Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе өз таңдауы бойынша жекеменшік инвестициялық басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға бере алады.

Ол үшін арнайы өтініш рәсімдеу жеткілікті.

Жаңа мүмкіндік азаматтарға зейнетақы жинағын басқаруда таңдау еркіндігін ұсынып, инвестициялық шешімге тікелей ықпал етуге жол ашады.

Қазіргі уақытта зейнетақы активтерінің негізгі бөлігі Ұлттық банктің басқаруында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button