Басты жаңалықтар
Түркістанда балаларға 9 күнделі жүрек отасы жасалды
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Беларусь мамандарымен бірлесіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 9 күрделі ота жасады.

Минск қаласынан келген кардиохирургтер мен басқа да медицина мамандары балаларды тексеріп, операцияларға қатысты. Сонымен қатар, жергілікті дәрігерлерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Мамандардың сапары BI-JULDYZAI қорының «Мүмкіндік» жобасы аясында өтті. Жобаның мақсаты – балаларға күрделі оталар мен білікті мамандардың консультацияларын Қазақстанда қолжетімді ету.



