Басты жаңалықтар
Қытай Түркістанға инвестор
Түркістан облысында құрылыс индустриясын дамыту бағытында Қытай инвесторларымен келіссөз өтті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Jiangxi Zhixin Real Estate Development Co., Ltd» және «Хуатун» халықаралық инвестициялық-өнеркәсіптік тобының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында өңірде құрылыс хабын құру, құрылыс материалдары мен сантехникалық өнімдер өндіретін заманауи кәсіпорындар ашу мәселесі талқыланды. Жобалар іске асса, жаңа жұмыс орындары ашылып, импортты алмастыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Тараптар ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, келіссөздерді жалғастыруға келісті.



