Түркістан қалай өзгереді?
Түркістанда алдағы жылдары жүзеге асатын жаңа жобалар талқыланды.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында қала мен ауданның келбетін өзгертетін бірнеше маңызды бастама қаралды.

Жоспар аз емес. Су спорт кешені, футбол академиясы, Рәміздер алаңы, туристерге арналған жаңа нысандар мен сервистер салу ұсынылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын абаттандыру, Көне Арбаттың келбетін жаңарту және базар аумағын туристік орталыққа айналдыру мәселелері көтерілді.

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер жолдарын көбейту, көшелерді көріктендіру, электрокар бағыттарын жаңарту және туристік маршруттарды жетілдіру жоспарланып отыр.

Егер бұл жобалар жүзеге асса, Түркістанның туристік тартымдылығы артып, тұрғындар үшін де қолайлы қалаға айнала түспек.
Ал сіз Түркістанда ең алдымен қай жобаның жүзеге асқанын қалар едіңіз?



