Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ: БАРЛЫҚ УЧАСКЕЛЕР ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ

23 тамыз — Түркістан облысында маңызды саяси науқан өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 7:00-ден бастап өңірдегі барлық сайлау учаскелері ресми түрде ашылды. Мемлекеттік әнұран шырқалып, сайлау комиссиялары алғашқы дауыс берушілерді қабылдауға толық дайындықпен кірісті.
Түркістан облысының жалпы тұрғындар саны 2 млн 146 мыңнан астам адамды құрайды. Биылғы жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының реестріне 1 204 659 азамат енгізіліп, дауыс беру құқығына ие болды. Бұл көрсеткіш өңір халқының 56%-ын құрайды.


Облыс аумағында барлығы 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда олардың әрқайсысы дауыс беру процесін жоғары деңгейде өткізуге толықтай дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дауыс беруге арналған арнайы жәшіктермен қамтамасыз етілді. Дауыс беру кабиналары, қажетті жиһаз, ұйымдастыру техникасы және кеңсе керек-жарақтары толық орнатылып, дауыс беруге арналған үй-жайлардың барлығы қажетті ақпараттық материалдармен жабдықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button