Басты жаңалықтар
Түркістандағы түнгі дүрбелең
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай алғаш рет «Turkestan Night Run – 2026» түнгі марафоны өтті.

Қала көшелері жарқырап, музыка гүрілдеп, тіпті театрландырылған қойылымдар қойылды. Ұйымдастырушылар «Сен жай ғана жүгірмейсің – ғасырлар жолымен өтесің» деген ұран тастаған. Жол бойында «Оазис», «Уақыт құмдары» деген аймақтар болды.

Марафонға 3000-ға жуық атлет қатысты. Оның ішінде 6 елден арнайы келген 70 шетелдік спортшы бақ сынады. Еліміздің әр түкпірінен 800-дей адам жиналды. Ал жарысты тамашалауға келгендерді қосқанда 5 мыңнан астам адам болды.

Марафоншылар 5, 10 және 21 шақырымды бағындырды. Тек жүгіріп қана қоймай, көрермендер би билеп, викториналарға қатысқан. Жеңімпаздар марапаттарын алып, қатысушылар ерекше эмоциямен тарқасты.

Келесі жолы түнгі марафон ұйымдастырылса қатысып көргіңіз келе ме?



