
Халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан чемпионаты басталып, Азия ойындарына қатысатын үздіктер іріктелуде.

Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 130-ға жуық спортшы келген. Алғашқы күні олар 1000 метр қашықтықта бақ сынады.

Бапкерлердің айтуынша, бұл чемпионат ерекше маңызды. Өйткені күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына жолдама алатын спортшылар дәл осы жарыста анықталады.

Тартысқа толы дода 21 маусымға дейін жалғасады. Сондықтан алдағы күндері Түркістанда чемпиондық үшін күрес қыза түспек.



