Басты жаңалықтар

Кофе ішіп, сайлауға…

Түркістандағы басты тренд

Түркістан облысында ел назарын аудартқан ерекше науқан басталды. Енді тұрғындар кинотеатрда фильм көріп отырып та, кофейняда кофе ішіп тұрып та бірдей хабарлама көреді. Бұл не қылған тренд?

Аймақта алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық ретінде бұрын-соңды болмаған «креативті брендинг» жобасы іске қосылды. Ұйымдастырушылар халықты ақпараттандырудың өте ерекше жолдарын тапқан. Түркістан қаласындағы «Kinopark» пен «Cinema» кинотеатрлары енді тек фильм көрсетіп қана қоймай, кино билеттерінде және сеанс басталмас бұрын үлкен экрандарда сайлау туралы маңызды ақпараттарды ұсынады.

Ал тұрмыстық техника іздеп жүрсеңіз, «Мечта», Evrika, «Технодом», «Sulpak» және «Hi-Tech» дүкендеріндегі сөреде тұрған теледидарларға назар аударыңыз — облыстағы 16 ірі сауда орталығындағы барлық экрандарда ҚР ОСК-нің ақпараттық роликтері көрсетілуде.

Ең қызығы, брендинг халық көп баратын «Айжамал тәттілері» кондитерлік дүкені, Global Coffee кофейнясы, «Золото», «Иса-2», Kok-Saray, Family Hall, Royal, Keruen ресторандары, сондай-ақ «Бауырдақ», «Жетітандыр», «Тары», «Сандық» дәмханаларын да қамтып, бұл орындарда сайлау символикасы бар 3 000-нан астам арнайы брендингтелген стақандар таратылды. Қоғамдық көлікпен қатынайтындар да бұл жаңалықтан тыс қалмайды, себебі облыс бойынша аялдама павильондарына, автобустардың ішкі тұтқаларына және көліктердің сыртқы корпусына «23 тамыз – Құрылтай сайлауына қатыс!» деген басты ұран орнатылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, креативті брендинг аумағы мұнымен тоқтап қалмайды және алдағы уақытта жаңа серіктестер тартылып, ақпараттық алаңдардың қатары арта түспек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button