Басты жаңалықтар

Күніне 64 мың өнім шығарады

Сайрамда жаңа зауыт іске қосылды

Сайрам ауданының Ақсукент ауылында ПЭТ платформаларын өндіретін «WALLI PACK» ЖШС өз жұмысын бастады.


Құны 600 миллион теңгені құрайтын жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.


Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған зауыт тәулігіне 64 мың дана өнім шығаруға қауқарлы. Өнімдер ішкі нарыққа бағытталып, отандық кәсіпорындардың сұранысын қамтамасыз етеді.


Қазір кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба өндіріс көлемін ұлғайтуға, импортты алмастыруға және өңірге инвестиция тартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button