Басты жаңалықтар

660 дәрінің бағасы төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.

Жүргізілген талдау нәтижесінде 660-тан астам дәрілік препараттың бағасы төмендегені анықталды.

«Тауарларды таңбалау және қадағалау» жүйесінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша және шекті бағаларды реттеу енгізілгенге дейінгі кезең салыстырылған. Нәтижесінде 20 өңірдегі дәріханаларда сатылатын 2635 препараттың бағасы тексерілген.

Мониторинг қорытындысы бойынша:

• 1309 препараттың (49,5%) бағасы өзгермеген;

• 669 дәрілік заттың (20,4%) бағасы төмендеген.

Жалпы алғанда, бөлшек саудадағы 4994 дәрілік препарат шекті баға реттеу тетігіне енгізілген. Оның жартысынан астамының бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр.

Сонымен қатар, ТМККК және МӘМС шеңберінде қолданылатын 3000-нан астам дәрі, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған препараттар қосылған құн салығынан босатылған.

Министрлік дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру және бағаны бақылау жұмыстарын жалғастыра беретінін хабарлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button