
Сауран ауданында құны 1 миллиард теңгеден асатын ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Үшқайық ауылдық округінде заманауи мал бордақылау алаңының құрылысы қызу жүріп жатыр.

Бұл жоба өңірдегі ет өндірісін арттырып, жергілікті экономиканы серпілтуге бағытталған.Жобадағы нвестиция көлемі 1,1 миллиард теңге. Жалпы аумағы 9,7 гектарды құрайды. Ал нысандар саны 14 өндірістік және қосалқы ғимарат болып бөлінеді. Жоба толық іске қосылғанда 42 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Қазіргі таңда нысанда негізгі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді», — деп мәлімдеді аудан басшылығы.
Жергілікті билік бұл кешен аймақтағы агроөнеркәсіпті дамытудың жаңа драйверіне айналатынын айтады.



