Басты жаңалықтар

Түркістандағы 1300 жылдық құпия ағаш

Түркістан өңіріндегі ең ерекше аңыздың бірін айтып берейік.

Түркістаннан небәрі 25 шақырым жерде, Қарнақ ауылының шетінде орналасқан «Имам Бахил әулие» ескі зиратында таңғажайып бір тірі ескерткіш бар. Ол — жергілікті халық «Мәжрәтут» немесе «Шежіре-тут» деп атайтын ежелгі алып тұт ағашы.


Бұл жай ғана ағаш емес, оның діңінің диаметрі 3 метрді, ал айнала орам өлшемі 9 метрді құрайды! Биіктігі де кішігірім үйдей — 9 метр.

Ең қызығы — оның қалай пайда болғаны туралы аңыз:
Осыдан ғасырлар бұрын Орта Азияға ислам дінін таратуға келген арабтардың атақты қолбасшысы Кутейба-ибн-Муслим өз жылқысын байлау үшін жерге кішкене ғана таяқша қадап кеткен екен. Уақыт өте келе сол кішкентай таяқтан тамыр жайып, бүгінгі күнге дейін жеткен осы алып тұт ағашы өсіп шыққан деседі.


Бүгінде бұл қасиетті «Мәжрәтут» ағашы мемлекет қорғауына алынып, Түркістан облысының тарихи-мәдени объектілерінің тізіміне енгізілген.


Міне, бір таяқтан басталған алып тарих деген осы! Жолыңыз түссе, барып өз көзіңізбен көруге тұрарлық мекен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button