Басты жаңалықтар

Айтта имамдар ұлттық киім киеді

Түркістан облысында Құрбан айт мерекесі биыл ерекше аталып өтпек.

27-29 мамыр аралығында мешіттерде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, имамдар ұлттық киім киеді. Сонымен қатар дастарқан жайылып, ұлттық ойындар өткізіледі.

Облыстың бас имамы Ержан Төлепов Құрбан шалу 27 мамыр күні айт намазынан кейін басталып, 29 мамыр кешкі ақшамға дейін жалғасатынын айтты. Айт намазы облыс бойынша таңғы сағат 06:00-де оқылады.


Түркістан қаласының бас имамы Исмаил Панов құрбандыққа шалынатын малдың талапқа сай болуы керектігін еске салды. Құрбандыққа 1 жасар қой-ешкі, 2 жасар сиыр және 5 жасар түйе жарамды. Мал арық, ақсақ немесе кемістігі бар болмауы тиіс.

Сондай-ақ имамдар кәсіпкерлерді мал бағасын көтермей, халыққа қолдау көрсетуге шақырды.


Қазіргі таңда Түркістан қаласында 200-ге жуық мұқтаж отбасы анықталып, оларға арнап 21 ірі қара, 2 түйе және 4 қой сойылады деп жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button