Басты жаңалықтар
Қазақстанда 14,5 млн гектар жерге егін егілді
Елімізде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр

Бүгінгі күнге дейін елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 14,5 миллион гектар жерге егілді. Оның ішінде:
Дәнді дақылдар – 10 млн гектар
Майлы дақылдар – 3,2 млн гектар
Мал азықтық дақылдар – 861,4 мың гектар
Мақта – 167,3 мың гектар
Көкөніс дақылдары – 109,1 мың гектар
Бақша дақылдары – 80,3 мың гектар
Картоп – 107,7 мың гектар
Қант қызылшасы – 22 мың гектар жерге егілді.
Шаруаларды тыңайтқышпен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Қазір 1,5 млн тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасалып, соның 1,3 млн тоннасы өңірлерге жөнелтілген.
Сонымен қатар 2026 жылға тыңайтқыш бағасын арзандату үшін жергілікті бюджеттерден 56,3 млрд теңге бөлінген.
Аграрларға техникалық қолдау көрсету мақсатында ел бойынша 70 сервистік орталық жұмыс істеуде.



