Басты жаңалықтар

Түркістанда МӘМС төлемегендерді тексеру басталды

Түркістан облысында МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жарнасын төлемеген кәсіпкерлер мен жұмыс берушілерге қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі таңда өңірде 2 миллионнан астам тұрғын тіркелген. Оның 85,7 пайызы сақтандырылған, ал 298 мыңнан астам адам әлі де жүйеден тыс қалып отыр. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылмағандар саны 23,6 пайызға азайған.

Биылдан бастап ресми жұмыссыздар мен белгілі бір санаттағы азаматтар үшін жарна жергілікті бюджеттен төлене бастады. Бірақ емханаға жүгінбегендердің шартты сақтандырылған мәртебесі уақыты өткен соң автоматты түрде өшіп жатыр.

Сонымен қатар, былтыр жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер тарапынан төлемді кешіктіру деректері жиілеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, облыста 33 мыңнан астам азаматқа 247,9 миллион теңге өсімпұл (штраф) есептелген. Ал жарнаны тұрақты төлемеген 21 мыңнан астам салық төлеушіге ескерту хаттар жолданды. Олардың басым бөлігі білім беру саласының қызметкерлері болып шықты.

Мамандар медициналық қызметті кедергісіз алу үшін соңғы 12 айдың төлемінде үзіліс болмауы керектігін ескертеді. Әсіресе ұзақ демалысқа шығатын қызметкерлердің жарнасын жұмыс беруші әр айға бөлек есептеп, уақытылы аударуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button