Басты жаңалықтар

Аптасына 80 рейс тоқтатылды

Қазақстан авиациясында не болып жатыр?

Еліміздің әуе кеңістігінде үлкен өзгерістер. Сыртқы саяси жағдайларға байланысты елімізде халықаралық рейстердің 10%-ы уақытша бұғатталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Осындай қиындықтарға қарамастан, 4 айда 4 миллионнан астам адам ұшақпен саяхаттаған. Қазақстан халықаралық ICAO ұйымының нұсқасы бойынша ең қауіпсіз ТОП-20 мемлекеттің қатарына енді. Рейстердің қысқаруы әуежайларға соққы болды, бірақ министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және жыл соңына дейін жаңа кешенді жоспар қабылдайтынын мәлімдеді.

«Рейстердің қысқаруы халықаралық жолаушыларға, жүк тасымалына және әуежайлардың жұмысына тікелей әсер етті. Осыған қарамастан, қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында Әуе апаттарын тергеу орталығы құрылды, авиациялық әкімшілікке халықаралық деңгейдегі сарапшылар тартылды. ICAO-мен бірлесіп 2050 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленуде, оны осы жылдың соңына дейін қабылдаймыз», – деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button