Басты жаңалықтар

Жұмыс іздегендерге мүмкіндік көбейді

Қазақстанда еңбек нарығындағы белсенділік артып, азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі кеңейіп келеді. Қазір елдегі жұмыс күшінің саны 9 млн 838,1 мың адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 103 мыңнан астам адамға көп.

Жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамды құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмыскерлердің саны бір жылда шамамен 150 мың адамға өсіп, 7 млн 290,4 мың адамға жетті.

Бұл еңбек нарығында тұрақты жұмыс орындарының көбейіп келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өз бетінше және тұрақсыз жұмыспен қамтылған азаматтардың саны азайған. Яғни тұрғындар ресми еңбек қатынастарына біртіндеп көшіп жатыр.

Мемлекеттік жұмыспен қамту шаралары да жалғасуда. 1 тамыздағы жағдай бойынша 388 512 адам мемлекет пен жұмыс берушілердің қолдауымен жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 298 904 адам тұрақты жұмысқа тұрған.

Тұрақты жұмыспен қамту азаматтарға тұрақты табыс алумен қатар, әлеуметтік кепілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді. Сондықтан еңбек нарығында сапалы әрі тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге басымдық берілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button