Басты жаңалықтар

Сайрамдағы егін егу жұмыстары қарқын алды

Сайрам ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл диқандар 52,2 мың гектар алқапқа дәнді, бұршақты, майлы дақылдар, мал азығы және көкөніс өнімдерін егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 31,4 мың гектарға егін егілген, бұл жоспардың 60%-ын құрайды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Аудандағы 2 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасының 93%-ы егіс науқанына дайын. Мемлекет шаруаларға жаңа техниканы сатып алу үшін субсидиялар мен жеңілдетілген лизинг ұсынады, бұл өнімділікті арттыруға септігін тигізеді.


Су үнемдеу технологиялары да басты назарда. Биыл 1 107 гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері енгізілмек. Сонымен қатар, 363 шақырымдық ирригациялық желіні жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Аудандағы бұл шаралар егінді мол және тиімді алуға жол ашпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button