Басты жаңалықтар

Қытайға кімдер барады?

Түркістандағы жарыста жерлестеріміз бірден 5 медальді жұлып алды.

Түркістандағы Орта Азияда теңдесі жоқ ескек есу каналында нағыз спорттық тартыс басталды. Онда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Олимпиадалық стандартқа сай салынған бұл кешенге еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге тарта ең мықты спортшы жиналды.

Жарыстың алғашқы күні-ақ түркістандық триатлоншылар нағыз мінез көрсетті. Облыс қоржынына бірден 2 күміс пен 3 қола медаль түсті. 


Осы чемпионатта оқ бойы озып шыққан үздіктер маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына тікелей жолдама алады. Яғни, бәске тігілген жүлденің салмағы өте ауыр. Спортшыларға марапатты облыстың спорт басқармасы басшысы Ғалымжан Худияров пен триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майер өз қолдарымен табыстап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, рухани шаһардағы бұл дүбірлі дода 10 мамыр күні өз мәресіне жетеді. Ендеше, біздікілерден тағы да жүлде күтеміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button