Түркістан облысы асыл тұқымды мал санын арттыруда: Шетелден 860 бас ірі қара әкелінді

Түркістандағы «Азия Милк» тауарлы-сүт фермасына Даниядан тағы 165 бас голштин тұқымды ірі қара мал жеткізілді. Осы арқылы өңірге шетелден әкелінген асыл тұқымды малдың жалпы саны 860 басқа жетті.
Мала шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл Түркістан облысына сырттан 1 000 бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау көзделген болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр:
• Түлкібас ауданындағы «Майлыкен Ферм» (165 бас), «Dar Organik» (165 бас) және «Азия Милк» (330 бас) фермалары голштин тұқымды малдармен толықты.
• «KazPlemzovod» ЖШС-не 200 бас қалмақ тұқымды мал жеткізілді.
Жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын көбейту өңірдегі сүт өндірісінің көлемін арттырып, саланың экономикалық тиімділігін едәуір жоғарылатады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыс жыл соңына дейін 1 000 бас мал әкелу жоспарын толық орындайды деп күтілуде.


