Басты жаңалықтар

Мирзиёев сыйлаған мешіт

Өзбекстан Президенті Түркістанға неліктен мешіт салып берді?

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына келді.

Әуежайда мәртебелі мейманды Ерлан Қарин және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қарсы алды.

Одан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты. Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

 

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан елдері кіреді.

Ал бақылаушы мемлекеттер қатарында Түрікменстан, Мажарстан және Солтүстік Кипр бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button