Түркістанның сұлулығына жауапты жандар
Саммит алдындағы "үлкен тазалықтың" фоторепортажы

Қала әлі ұйқыда жатқанда, олардың жұмысы басталып кеткен.

Түркі әлемінің басшыларын қарсы алуға дайындалып жатқан Түркістанның әрбір таңы осындай қарбаласпен басталады.

Маңызды саммит алдында қаланың әрбір ағашы мен гүлі ерекше бақылауға алынған.


Түркістанның «жасыл белдеуі» – қаланың тынысы. Көгалды тегістеу мен жасыл желекті ретке келтіру жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес.

Мамандардың айтуынша, басты мақсат – қалаға келген әрбір қонақтың көзіне сұлулық, көңіліне жылулық ұялату.

Күннің ыстығы мен жұмыстың ауырлығына қарамастан, олар өз істеріне жауапкершілікпен қарайды.

Себебі ертең бүкіл түркі жұртының назары осы көшелерге, осы бақтарға ауады.

Түркістанның мерейін өсіру – осындай қарапайым еңбек адамдарының қолында.

Түркістан тек рухани орталық қана емес, сонымен бірге тазалық пен мәдениеттің үлгісіне айналмақ. Қаланың бүгінгі дайындығына қарап, алдағы саммиттің жоғары деңгейде өтетініне сенім ұялайды. Сізге қаланың бүгінгі өзгерістері қалай әсер етті?


