
Сайрамдық кәсіпкерлер экспорттың «майлы жілігін» ұстап, өндіріс көлемін рекордтық көрсеткіштерге жеткізді. Айына 50 миллион дана өнім шығаратын алпауыт кәсіпорындар өңір экономикасының жаңа қозғалтқышына айналуда.
Ақсу ауылындағы «Capable Group» деген азаматтар нағыз ерлік жасап жатыр. Мүгедектер қоғамы ашқан бұл кәсіпорын айына 50 миллион дана жөргек шығарады. Тек біздің балалар емес, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің бүлдіршіндері де осы Сайрамның өнімін қолданып отыр. 60 адам тұрақты жұмыс тауып, іс тез алға басуда.

«Tayiba» зауыты іске қосылғанына көп болмаса да, қарқыны сұмдық. Тәулігіне 50 тонна қаймақ, айран, құрт дайындайды.
«Aqua Alba» кешені өткен жылдың аяғында ғана ашылды. Күніне 150 адамға қызмет көрсетіп, жұрттың саулығын түзеп жатыр. Шағын болса да, маңызы зор жоба.

«Наурыз–5» зауыты — агроөнеркәсіптің нағыз «майталманы». 2 миллиард теңге инвестиция құйылған бұл жерде түрік технологиясымен 60-қа жуық өнім түрі шығады.

Көлкентте метал өндіру зауыты іске қосылуға шақ тұр (90%-ы дайын). Жылына 8 мың тонна өнім бұл аз емес. Енді үйдің қабырғасы мен шатырына арналған металл өнімдерін алыстан іздеп әуре болмаймыз.

Қалай ойлайсыз, осындай отандық өнімдерді қолдау үшін бірінші кезекте не істеу керек?



