
Кентау жақтан керемет жаңалық. Хантағы ауылының ең көрікті тау бөктерінде нағыз «ғарыштық» демалыс аймағы бой көтеріп жатыр. Мұндайды бұрын тек кинодан немесе шетелдің суреттерінен көретін едік, енді өзімізде де бар.

Жобаның құны шамамен 1 миллиард теңгені құрайды. Бұл заманауи капсулалық үйлері бар бірегей «Хантау» демалыс орны. Демалыс орны бір мезетте 200 адамды қабылдай алады. Ал айына 20 мыңға жуық адамға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Инвесторлар тек үй салып қана қоймай, инфрақұрылымға да қатты көңіл бөлген. Арнайы су үстінен көпір салынып, 6 шақырым жерге жарық тартылып қойған.

Бұл жер тек демалыс емес, жаңа жұмыс орындары мен өзге де кәсіпкерлер үшін дайын бизнес алаңы болмақ. Қысқасы, Хантағы жақын арада өңір туризмінің нағыз «хабына» айналғалы тұр.

Хантағыда демалуға дайынсыз ба?



