Майдан аққан миллиардтар

Сарыағаштағы Дарбаза ауылындағы индустриялық аймақта нағыз алпауыт зауыт іске қосылды. Бұл жай ғана цех емес, құны 1 миллиард теңге болатын «Альбарака 077» серіктестігінің өндіріс орны.

Қазіргі таңда 3 гектар жерде жап-жаңа заманауи зауыт гүрілдеп тұр. Күніне 50 тонна өсімдік майын сығып, оған қоса 65 тонна мал азығын дайындайды. Ең бастысы 25 тұрғын тұрақты жұмысқа тұрып, айлығын алып жатыр.

Зауыт басшысы Абдулбосид Мамадалиевтің жоспары тіпті мықты. Бұл май тек өзімізде қалмайды, алдағы уақытта Өзбекстан мен Тәжікстанға экспортқа шығарылмақ. Яғни, Сарыағаштың өнімі көрші елдердің асханасына дейін жетеді.

Сарыағаштың өндірістік әлеуеті артып, ауыл шаруашылығына үлкен серпін берілгелі тұр. Қалай ойлайсыздар, Сарыағаштың майы нарықтағы бағаға әсер ете ме?



