Ипотекалық реформа: Түркістанда пәтер алғысы келетіндерге 4 маңызды кеңес

Қазақстанның ипотека нарығы үлкен өзгерістер алдында тұр. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап ипотекалық несие беру ережелеріне маңызды түзетулер енгізілмек. Бұл өзгерістердің басты мақсаты — әділдік орнату және халықтың борыштық жүктемесін азайту, дейді Тимур Сүлейменов.
30% — сіздің басты мақсатыңыз болуы керек.
1. Жаңа ереже бойынша, алғашқы жарнаңыз 30%-дан кем болса, банк ставканы 25%-ға дейін көтеруге құқылы. Түркістандағы жаңа үйлердің орташа бағасымен есептегенде, 30% жинау арқылы сіз несие пайызын 20%-дан асырмай, ай сайынғы төлемді айтарлықтай жеңілдетесіз. «Аз жинап, көп төлегенше» үй алатын жарнаңызды толықтырған тиімді.
2. Ресми табыс пен зейнетақы жарнаңызды реттеңіз. Ұлттық банк бұдан былай «сұр» табысқа (конверттегі айлыққа) сенбейді. Енді КДН (қарыз жүктемесі) қатаң тексеріледі. Егер Түркістанда жеке кәсіппен немесе бейресми қызметпен айналыссаңыз, дәл қазірден бастап табысыңызды заңдастырып, зейнетақы жарналарын тұрақты төлеуді қолға алыңыз. Онсыз банк сізге есігін жауып тастауы мүмкін.
3. Мемлекеттік бағдарламалардың кезегін қадағалаңыз. Нарықтағы ипотека 20-25% болып тұрғанда, Түркістан жастары мен көп балалы отбасылары үшін «Наурыз» немесе «Отау» бағдарламалары — жалғыз құтқарушы жол. Нарықтық ипотекаға ұрынбас бұрын, «Отбасы банктегі» шотыңызды тексеріп, балл жинауды тоқтатпаңыз. Түркістан облысы үшін бөлінетін квоталарды жіберіп алмау маңызды.
4. “Сабыр түбі — сары алтын”. Егер қолыңызда 30% жарнаңыз болмаса, 1 шілдеге дейін асығыс несие рәсімдеудің қажеті жоқ. Реформаның мақсаты — нарықты реттеу. Асығыстықпен 25%-дық ипотекаға кіріп кетсеңіз, 10 жылда үйдің 3 есе құнын артық төлейсіз. Түркістанда құрылыс тоқтамайды, сондықтан сауатты есеппен, жаңа ережеге бейімделіп барып шешім қабылдаңыз.
Ал сіз 30% жарна жинап үлгердіңіз бе?


