Басты жаңалықтарКүндерек

Сатушы емес, заң сөйлейді: тұтынушы құқығы жайлы

Күнде дүкенге барамыз, онлайн тапсырыс жасаймыз, қызмет аламыз. Бірақ бір сұрақ бар: өз құқығымызды қаншалықты білеміз?

Өкінішке қарай, сапасыз тауар, кешіктірілген қызмет немесе жауапсыз сатушы жағдайлары әлі де кездеседі. Ал мұндайда көп адам не істерін білмей қалады.

Ал заң бойынша тұтынушы қорғансыз емес.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, әр азамат тауардың сапасы мен қауіпсіздігін талап етуге құқылы. Сонымен қатар, толық ақпарат алуға, шартты еркін жасауға және өз мүддесін қорғауға мүмкіндік бар.

Егер тауар сапасыз болса, оны қайтаруға немесе айырбастауға болады. Қызметтен зиян келсе, шығынды толық өтеуді талап етуге заң рұқсат етеді.

Сондай-ақ, сатып алу фактісін растайтын чек немесе келісімшарт алу – тұтынушының құқығы. Бұл құжаттар даулы жағдайда негізгі дәлел болады.

Заңда моральдық шығынды өтеу, қоғамдық бірлестік құру және тұтынушылар құқығын қорғау тетіктеріне жүгіну мүмкіндігі де қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, құқықты білу – тек формальдылық емес, күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін фактор.

Егер құқық бұзылса, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 32-көше, 16-ғимарат, А-блок, 4-қабат, 427-бөлмедегі департаментке жүгінуге болады.

Қысқасы: сатып алушысың ба — демек, құқығың да бар. Бірақ ол тек білсең ғана жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button