Басты жаңалықтарКүндерек
Қазақстанда алаяқтардың жаңа айласы: “қауіпсіз шот” қақпаны
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті

Қазақстан Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырды. Қаскүнемдер өзін басшы немесе құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, ақша аудартуға тырысады, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлер арқылы хабарласып, деректердің таралуы немесе қаржының ұрлануы туралы жалған қауіп тудырады. Психологиялық қысым жасап, “қауіпсіз шоттарға” шұғыл ақша аударуды талап етеді.
ІІМ мәліметінше, банктер мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды сұрамайды. Күмәнді жағдайларда ақпаратты тексеріп, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

