Басты жаңалықтар

Кентау қаласында 16 мың адамды қамтитын газ желісі тартылуда

Кентау қаласында 16 мыңға жуық ауыл тұрғынын табиғи газбен қамту мақсатында газ құбыры тартылуда. Қала әкімі Жандос Тасов Қарнақ ауылындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Сондай-ақ, Қарнақ ауылын табиғи газбен қамту жобасының жүзеге асырылуы да назарға алынды. Жалпы ұзындығы 139 шақырымды құрайтын газ құбырының бүгінге дейін 55 шақырымы тартылған. Жоба толық іске асқанда 3 мыңнан астам тұрғын үй көгілдір отынға қосылады.

Ауылда жалпы 16 мыңға жуық адам тұрады. Бұдан бөлек, өндірістік парк аумағындағы инфрақұрылым жүйелері кезең-кезеңімен жүргізіліп, жылыжай кешені мен жеміс-жидек сақтайтын қойманың құрылысы басталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button