Басты жаңалықтар

Түркістанға ең көп келетін 5 ел

Тізімде сіз ойламаған мемлекет бар!

Түркістан қаласы соңғы уақытта нағыз туристік аймаққа айналған. Әсіресе мұнда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінен кейін шетелдіктердің де, отандық саяхатшылардың да қызығушылығы күрт артқан.

Қазір демалыс күндері Түркістанға ұшақ билетін табу мұңға айналды, ал қонақүйлерде бос орын табу қиындап кетті. Ең басты тартылыс күші, әрине, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, өңірге 500 мың турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда қарыштап дамып, 15,9%-ға өскен. Ал 23 мыңға жуық шетелдік адам арнайы ат басын бұрған.

Түркістанға ең көп келетін Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Германия. Былтыр тарихи ескерткіштерді тамашалағандар саны 1 миллионнан асқан.

Биылғы жылдың 1-тоқсанында 70 мың турист келіп үлгерді. Ал алғашқы 4 айда тарихи нысандарға 334,8 мың адам зиярат еткен.

Түркістан қазір келген қонақты күтіп алуға толық қауқарлы. Мұнда 300-ге жуық қонақүй мен қонақ күту нысандары, 300-ге жуық демалыс аймағы жұмыс істеп тұр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қарқын әлі де үдей түспек. Қысқасы, Түркістан тек Қазақстанның ғана емес, тұтас түркі әлемінің басты рухани әрі туристік орталығына айналып үлгерді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button