Әлем тынысыБасты жаңалықтар
Иран 5 елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Иран билігі бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
«Біз өзіміз достас деп санайтын бірнеше елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бердік. Олар: Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Қарсыластарымызға бұғазды пайдалануға мүмкіндік берудің мәнін көріп тұрған жоқпыз» деген Аракчидің сөзін жергілікиі «Әл-Әлям» телеарнасы келтірді.
Иран билігі қарсылас елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынғанын айтты. Олар АҚШ пен Израиль.



