Түркістандық креатив: Референдумға келген ерекше кейіпкерлер
Біз өңірдегі ең қызықты бейнелерді бір материалға жинақтадық

Бүгін Түркістан облысындағы референдум учаскелері тек саяси науқан орны емес, нағыз мерекелік алаңға айналды. Тұрғындар дауыс беруге жай ғана келмей, ерекше кейіпкерлер бейнесінде келіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Жетісайдағы тарихи тұлғалар
Жетісай ауданында референдумға қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі «жан бітірді». Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театрының әртістері Тәуке хан, Абылай хан және атақты үш би — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бейнесінде келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл көрініс мемлекеттілік пен әділдіктің сабақтастығын көрсеткендей болды.



Түркістандағы «Гүлдер патшайымы»
Киелі Түркістан қаласындағы №136 учаскеге нағыз ертегі кейіпкері келді. «Гүлдер патшайымы» бейнесіндегі тұрғын өзінің нәзік те жарқын бейнесімен сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дауыс берді.

Бәйдібектегі күтпеген қонақ — «Кунг-фу Панда»
Бәйдібек ауданының тұрғындарын анимациялық кейіпкер «Кунг-фу Панда» таңғалдырды. Костюм киген азамат учаскеге келіп, дауыс беру процесіне қатысты. Бұл креативті қадам әсіресе жас сайлаушылардың ризашылығын тудырды.


Арыстағы велосипедшілер
Арыс қаласында тұрғындар топ болып велосипедпен келіп, экологиялық таза көлік мәдениетін паш етті.


Арыстағы мотошабондоздар
Түркістан облысы Арыс қаласында мотошабандоздар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтар аудан тұрғындарын бірлесе атсалысуға шақырды.

Сайрам: байкерлер мен көкпаршылар
Сайрам ауданында байкерлер мен көкпаршылар бір қатарда тұрып, еркіндік пен ұлттық рухтың үлгісін көрсетті.







