Басты жаңалықтар
Түркістанға 32 мыңға жуық шетелдік турист келді

2026 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық.
Оның ішінде 31 823 шетелдік турист болса, бұл көрсеткіш бір жылда 34,2 пайызға өскен. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Кореядан келген.
Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 9 бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылуда. Оның 7 ішкі, 2 халықаралық рейс.



