Басты жаңалықтарКүндерек
Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 227 мыңнан асты

Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Министрлік мәліметінше, авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485-ке жеткен. Ал кітапхана материалдары жалпы 1 408 540 рет қаралған.
Қазіргі таңда электронды кітапхана қорында 64 тілде ұсынылған 84 664 құжат бар. Оның қатарында түрлі бағыттағы кітаптар, ғылыми мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, ноталар, аудио-видеоматериалдар және архивтік құжаттар жинақталған.
Электронды кітапхана оқырмандарға қажетті ақпаратты онлайн форматта қолжетімді етіп, ғылыми және мәдени мұраларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.



